×
479.39
457.43
8.21
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
479.39
457.43
8.21

Алдағы күндері ауа температурасы 32 градусқа дейін көтеріледі

15.04.2022, 16:34
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Синоптиктер Қазақстан бойынша 16-18 сәуіріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алдағы үш тәулікте атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республиканың батыс бөлігіне ғана, жауын-шашынсыз ауа райы болатын солтүстік-батыс антициклоны әсер етеді.

Республика бойынша желдің күшеюі байқалады.

Еліміздің батысында ауа температурасының күндіз 12-20-дан 15-25-ке дейін көтерілуі, солтүстік-батыста түнде 0-12 жылудан 0-5 аязға дейін төмендеуі, солтүстікте түнде 5-12 градустан 0-5 градусқа дейін төмендеуі, оңтүстік-шығыста – 5 градус жылуды құрайды.

Республиканың орталығында 2-7-ге дейін шамалы көтерілуі, еліміздің шығысында түнде 2 аяз-3 жылудан 0-8 жылуға дейін көтерілуі болжанады.

Күндіз температураның негізгі фоны – 15 жылу болады, оңтүстікте күндіз 23-32 градусқа дейін жылы болады. Оңтүстік-шығыста күндіз 22-30-дан аздап көтеріліп, таулы аудандарда 18 жылудан 25-32 жылыға дейінгі аралықта, таулы аудандарда 20 градус жылы болады деп күтілуде.