×
433.3
464.19
6.48
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
433.3
464.19
6.48

ЕАЭО шеңберінде жеке тұлғалар үшін тауар жеткізу шегі өзгерді

16.04.2022, 12:03
Фото: ашық дереккөзден

ЕЭК жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелу шегін 1000 еуроға және 31 кг-ға дейін көтерді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі кедендік баждар мен салықтарды төлемей-ақ жеке пайдалануға арналған тауарларды Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан мен Ресейге әкелудің құн нормаларын 1000 евроға дейін және салмақ нормаларын-31 кг-ға дейін ұлғайтты.

Сонымен қатар, егер жеке пайдалануға арналған тауарлардың құны көрсетілген нормалардан асып кетсе, онда сіз құнның 30% мөлшерінде, бірақ 1 кг үшін кемінде 4 евро төлеуіңіз керек.

Осы шешім қабылданғанға дейін жеке пайдалануға арналған тауарларды бажсыз әкелу шегі 500 евро және 25 кг болды.

Одақ елдері мен комиссия сарапшыларының пікірінше, қабылданған шара санкциялық қысым жағдайында азаматтарды қолдауға және бірінші кезектегі қажетті тауарлар мен импорт тауарларының тапшылығын болдырмауға мүмкіндік береді. Бірақ ол 2022 жылдың 1-қазанына дейін жұмыс істейді.