×
432.69
455.32
6.81
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
432.69
455.32
6.81

Киев облысында 900-ден астам адамның мүрдесі табылды

16.04.2022, 12:47
Фото: 24.kz

Украинаның Ресей әскері тастап шыққан Киев облысынан 900-ден аса бейбіт тұрғынның мүрдесі табылды, деп хабарлайды 24.kz. Олардың көбі көшеде атылған. Әр жерге көме салғандары да бар.

Бұл туралы облыс полициясының басшысы мәлімдеді. Марқұмдардың жартысы Буча қаласының тұрғыны. Бұл шаһарда 400-ден аса мәйіт табылды. Жергілікті билік қала қазір қауіпсіз дейді. Бірақ шаһар төңірегінде миналар көп екенін ескертіп, тұрғындарға ұзап шықпауды ескертеді.

- Бейбіт тұрғындардың көбісінің мүрдесі Буча қаласынан табылды. Бұл ондағы әскердің аса қатыгездікпен әрекет еткенін көрсетеді. Шаһарда өліктерді жаппай көмген екі жер анықталды. Оның бірінен 40, екінішісінен 57 адамның денесі шықты. Тексеріс марқұмдардың көбі снайпердің немесе өзге бір қарудың оғынан өлгенін көрсетті. Яғни жаулау кезінде адамдар көшеде жаппай атылған,- дейді Киев облысы полициясының басшысы Андрей Небытов.