ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы директоры генерал-лейтенант Нұрлан Жоламанов бостандыққа шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
2015 жылы Нұрлан Жоламанов ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және оған басшылық етті, сондай-ақ аса ірі мөлшерде пара алды деген айыппен 11 жылға бас бостандығынан айырылды.
Тергеу мәліметінше, 2013 жылдың жазынан 2014 жылдың 27 қазанына дейінгі аралықта Жоламанов бастаған ұйымдасқан топ пара ретінде 932 мың доллар және 436 мың доллар алған.