×
429.57
447.35
6.94
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
429.57
447.35
6.94

Димаш Прагада көлік үстіне шығып қолтаңба таратуға мәжбүр болды

16.04.2022, 13:16
Фото:dimashnews.com

Прага қаласында жанкүйерлердің көп болғаны сонша, Димаш көлік үстіне шығып қолтаңба таратуға мәжбүр болды деп хабарлайды, ulysmedia.kz.

2022 жылдың 15 сәуірінде Прагадағы «Типспорт» аренасы жанында көп адам жиналды. Әлемнің 15-тен астам елінен келген Dears Чех Республикасында әртістің алғашқы жеке концертін өткізуге келген Димаш пен оның командасын қарсы алды.

Чехия, Финляндия, Бразилия, Ресей, Румыния, Украина, Германия, Болгария, Канада, Ұлыбритания, Испания, Перу, Польша, Қазақстан және басқа да елдердің өкілдері Димашты Чех Республикасының жүрегі – Прагада үлкен қуанышпен қарсы алды.

Күтіп алушылар өте көп болғандықтан Димаш автомобильге шығып отырып қолтаңба таратуға мәжбүр блоды.