×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Алматыда «Үш қоңыр» және «Весновка» тұрғын үй кешенін салушылар қамауға алынды

05.03.2023, 13:57
Ашық дереккөз

Алматыда «Lider Group Consalt» ЖШС директорлары мен лауазымды тұлғалары қамауға алынды. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.

Прокуратура Алматы полициясы «ҮШ ҚОҢЫР» және «ВЕСНОВКА» тұрғын үй кешені үлескерлерінің ұжымдық арызы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын хабарлады (алаяқтық).

«Алматы қаласының прокуратурасы тергеу органының «Lider Group Consalt» ЖШС директоры мен бірқатар лауазымды тұлғаларын қамауға алуға санкция беру туралы өтініштерін қолдады», - делінген хабарламада.

Тергеу сотының санкциясымен аталған тұлғалар 2 ай мерзімге қамауға алынды.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, тергеу органдары істің мән-жайын анықтау үшін барлық шараларды қабылдауда және прокуратураның бақылауында», - деп толықтырды прокуратура.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы әкімі Ерболат Досаев қаладағы Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуінде «Үш қоңыр» және «Весновка» тұрғын үй кешенінің алданған үлескерлеріне көмек көрсетпеймін деп мәлімдеген болатын.

Серіктес жаңалықтары