×
425.02
450.1
7.17
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
425.02
450.1
7.17

Украинада соғыс басталғалы бері 200-ден астам бала қайтыс болды

17.04.2022, 11:34
Фото: ашық дереккөзден

Украинада Ресей шапқыншылығы басталғалы бері кем дегенде 202 бала қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz елдің Бас Прокурорының кеңсесіне сілтеме жасай отырып.

Тағы 361 бала жарақат алды.

Балалардың көпшілігі Донецк (117), Киев (106) және Харьков облыстарында (89) зардап шекті. Бұл сандар нақты емес, өйткені қызу соғыс жүріп жатқан аймақтарда зардап шеккендерді санау әлі де жалғасуда.

Ресей Қарулы Күштерінің бомбалауы салдарынан бүкіл ел бойынша 1018 оқу орны зақымдалды, олардың 95-і толығымен жойылды.