×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Сирия президенті Тоқаевқа алғыс айтты

06.03.2023, 11:49
twitter

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Cирия Президенті Башар Әл-Асад Қазақстанның көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мемлекет басшысының атына Сирия Президентінен жеделхат келіп түсті. Онда Башар Әл-Асад биыл ақпан айында болған жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Сирия халқына Қазақстанның көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты.

Қиын-қыстау шақта бізге қолдау білдіріп, адамгершілік және ізгілік танытқан Қазақстанның ұстанымын Сирия халқы жоғары бағалайды, – деп жазылған жеделхатта.

Еске сала кетейік, 6 ақпанда эпицентрі Кахраманмараш провинциясының Пазарджик ауданында магнитудасы 7 балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жүздеген афтершокқа ұласқан жерасты дүмпулері елдің 11 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да сезілді. Түркияда қаза тапқандар саны 46 мыңнан асты.  ДДСҰ-ның 12 ақпандағы мәліметінше, Сирияда 8500 адам опат болды. 

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының (IOS) қолдауымен жер сілкінісінен зардап шеккен Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмегін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары