×
468.45
489.06
7.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.45
489.06
7.66

Түрмеден қашуға тырысқан сотталушыға оқ атты

17.04.2022, 15:51
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Кезекші қызмет қызметкерлері сотталушыны тыйым салынған ішкі аймақтан ұстады. Мән-жайларды анықтау үшін тергеу-жедел іс-шаралары қолға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“16 сәуірде шамамен сағат 12:30 шамасында Павлодар қаласының ҚАЖ-24 мекемесінде учаскелердің бірінде сотталушы ішкі тыйым салынған аймаққа бақылаушылардың ізімен кіріп кеткен”, – деп хабарлады Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

Сотталушының қашуға талпыныс жасаған әрекетін байқаған кезекшіліктегі сарбаз оған ескерту жасап, дабыл тетігін басқан. Кейін болған жайды сарбаз күзет бастығына баяндап, ауаға ескерту сипатында оқ атқан.

Сотталушы тыйым салынған ішкі аймақтан ұсталды. Мән-жайды анықтау үшін жедел-тергеу іс-шаралары қолға алынды.

Сондай-ақ Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті және ҚР Ұлттық ұланының 6679 әскери бөлімінің командирімен бірлескен қызметтік тергеу басталды.