×
472.14
498.39
7.65
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
472.14
498.39
7.65

"Алматы әуендері" ұжымы даулы афишаға қатысты мәлімдеме жасады

17.04.2022, 16:51
Instagram

Желіде ресейлік әзілкештер Алматыда концерт өткізеді деген жалған ақпарат тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Алматы әуендері" мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Әлеуметтік желілерде Ольга Кортункова, Денис Дорохов, Давид Цаллаев және т. б. әзілкештердің қатысуымен "музыкалық-патриоттық марафонның" өткізілуі туралы ақпараттарға қатысты "Алматы әуендері" КМҚК баспасөз қызметі "Za Россию!" баннер-афишасы  жалған екенін мәлімдеді. Афиша күні мен жарияланған форматы шындыққа сәйкес келмейді", - делінген "Алматы әуендері" КМҚК баспасөз қызметі хабарламасында.

Сондай-ақ ресми афиша мен концерттік бағдарламада қандай да бір саяси астары жоқ екенін айтты.

Айта кетейік, ұйымдастырушымен концерттік залды жалға алу және "Однажды в России" сатиралық шоуын өткізу туралы келісімшарт 2021 жылдың 8 желтоқсанында жасалған. Бұрын гастрольге сәйкес, концерттік бағдарлама қаңтар айына жоспарланған және екі рет 2022 жылдың мамыр айына ауыстырылған.

Бүгінге дейін ұжым Қазақстанның 8 қаласында, соның ішінде Қарағанды, Петропавл, Қостанай, Павлодар, Өскемен қалаларында өнер көрсетті.