×
477.37
460.38
8.27
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
477.37
460.38
8.27

ЕО елдерінің порты Ресей кемелері үшін жабылды

18.04.2022, 09:08
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Енді Ресей кемелеріне Литва, Эстония, Бельгия, Италия, Румыния және Болгария порттарына кіруге рұқсат етілмейді. Еуроодақ елдері Украинадағы соғысқа байланысты санкциялар аясында ресейлік кемелер үшін порттарды жаба бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Wall Street Journal басылымының мәліметінше, Литва, Эстония, Бельгия, Италия, Румыния және Болгария қазірдің өзінде осындай шешім қабылдаған.

Азық-түлік, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен энергия тасымалдайтын кемелер үшін ерекше жағдай жасалған. Сондай-ақ апатқа ұшыраған кемелерге Еуропа порттарында қызмет көрсетіледі. Ол үшін полиция мен шекарашылардың құжатын ұсыну керек.

Сонымен бірге ЕО елдері 24 ақпаннан кейін, яғни Ресей әскері Украинаға басып кіргеннен кейін туын ауыстырған кемелерге жеңілдік жасаудан бас тартты.

Бельгия билігінің мәліметінше, шектеулер Ресей туын көтеріп жүрген 6 мыңға жуық кемеге әсер етеді.

Итальяндық бұйрықта итальяндық порттардағы санкцияланған кемелер «коммерциялық қызметі аяқталғанға дейін портта қалуы мүмкін, содан кейін олар кетуге мәжбүр болады» делінген.