×
425.02
450.1
7.17
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
425.02
450.1
7.17

Украина-Ресей соғысы: Қос тараптан адам шығыны қанша

18.04.2022, 09:50

Украина мен Ресейдің соғысып жатқанына 53 күн болды. 30 жыл бұрын ғана бір кеңес одағының құрамында болған елдер қазір бітіспес жауға айналған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тағы да оқыңыздар

Ресейдің қорғаныс министрлігі бүгінге дейін Украина армиясының 23 367 сарбазының көзін құрттық деп хабарлайды. Алайда Украина билігінің бұл бағытта таратқан өз статистикасы бар. Мәселен, жақында ғана Украина президенті Владимир Зеленский өз елінің 3 мыңға тарта сарбазынан айырылғанын хабарлаған. Тағы 10 мың сарбаз әртүрлі дене жарақатын алғаны туралы мәлімет берген. Сонымен қатар Зеленский «сол 10 мың сарбаздың қаншасы аман екенін анықтау қиын» екенін де мәлімдеген болатын.

Одан бөлек Украина билігі 10 мыңға тарта бейбіт халық қырылғанын хабарлайды. Киев Мәскеуге айып таға отырып, қаза болған бейбіт тұрғындардың денесі көбінесе Ресей шегінген қалалардан табылып жатқанын айтады. Осылайша, Мәскеу өз әскери қылмысының ісін жасырғысы келеді.

Өз кезегінде Украина қарулы күштері 53 күннің ішінде Ресейдің 20 100 сарбазының көзі жойылғаны туралы ақпарат таратты. Ал Ресей болса соғыстағы сарбаз шығыны туралы мәліметті соңғы рет осы жылдың 25 наурызында жаңартқан. Ол тұста Ресейдің қорғаныс министрлігі 1351 сарбазы өлгенін мойындаған.

Ең қиыны, соғыс басталғалы бері Украинада 202 сәби опат болды. Тағы 361-і жарақат алды. Бұл мәліметті Украинаның бас прокуратурасы таратып отыр. Құзырлы мекеме бұл соңғы дерек емес екенін ескертеді. Өйткені, әскери қақтығыстар болып жатқан қалаларда қанша адамның қаза тапқанын тап басып айту қиын.

Әрине, соғыс уақытында қос тарап та адам шығыны жайлы нақты ақпарат бермейді. Өйткені соғыс тек әскери сипатта емес, ақпараттық бағытта да қызу жүріп жатыр. Сол себепті адам шығыны жайлы ресми немесе бейресми ақпараттың бәрі шындыққа сәйкес келмеуі мүмкін.