×
468.9
485.64
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.9
485.64
7.7

Түркия Ирактағы күрдтерге қарсы әскери операция бастады

18.04.2022, 10:10
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Түркия қорғаныс министрлігі Ирактың солтүстігінде Күрдістан жұмысшылар партиясының содырларына қарсы әскери операция бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Операцияға арнайы жасақ пен әуе күштері жұмылдырылғаны атап өтілді. Түркия Қорғаныс министрі Хулуси Акардың айтуынша, ұшақтар Күрдістан жұмысшылар партиясы содырларының баспаналарына, бункерлеріне, туннельдеріне, үңгірлері мен қоймаларына шабуыл жасаған.

“Бірінші кезеңде алға қойылған мақсаттар орындалды... Біз 40 жылдан бері елімізді жайлаған лаңкестік індеттен асыл халқымызды сақтап қалуға бел будық”, - деді министр.

Сондай-ақ ол соңғы лаңкес залалсыздандырылғанша күрестің жалғасатынын айтты.

1984 жылдан бері Күрдістан жұмысшылар партиясының содырлары Түркиядағы күрдтердің саяси құқықтары мен оның құрамында автономия құру үшін қарулы күрес жүргізіп келеді. Түрік билігі мен күрдтер арасындағы бітім 2015 жылы шілдеде тоқтатылды.