×
476.89
462.2
8.31
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.89
462.2
8.31

Елордада маскүнем терезесін шағып, №7 автобусты істен шығарды

18.04.2022, 17:01
Фото: Скриншот

Бұл туралы елордадағы қоғамдық көліктерге жауапты CTS компаниясының баспасөз хатшысы Науат Азанбаева жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Елордада 17 сәуірде автобуста отырған ер адам орнынан тұрып, автобусты қирата бастаған. Бір ғана терезені емес, бірнешеуін күл талқанын шығарды. Мен мұны қиялдан шығарып тұрған жоқпын, 17 сәуірде дәл осы оқиға тіркелді», - деп жазады Науат Азанбаева әлеуметтік желіде.

Оның хабарлауынша, №7 автобуста әлгі ер адам мас күйінде осы әрекетті жасаған.

«Құдайға шүкір, ешкім зардап шеккен жоқ. Жүргізуші полицияны шақырып, заңбұзушыны құқық қорғаушылар келгенше ұстап тұрған. Масаған жолаушы ұсталды», - дейді ол.

Осының салдарынан аталған бағытта жүретін бір автобус жөндеуге кіргізілетін болды.