×
429.57
447.35
6.94
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
429.57
447.35
6.94

Нұр-Сұлтанды түтін басты

18.04.2022, 17:25
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Астанада ауаны ластаушы заттардың шекті концентрациясы асып кетті. Салдарынан Нұр-Сұлтан қаласында түтін иісі байқалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz «Қазгидромет» РМК-ның экологиялық мониторинг бекеттері таратқан мәліметке сүйеніп.

Атап айтқанда:

1) күкіртсутегі бойынша: 1,1-3,2 ШЖК (шекті жол берілетін концентрациясы) шегінен асып кетудің 38 жағдайы;

2) РМ2,5 (шаң) бойынша: 1,1-2,2 ШЖК шегінен асып кетудің 76 жағдайы;

3) РМ10 (шаң) бойынша: 1,1-1,2 ШЖК шегінен асып кетудің 7 жағдайы;

4) азот оксиді бойынша: 1,0-2,5 ШЖК шегінен асып кетудің 30 жағдайы;

5) азот диоксиді бойынша: 1,1-3,6 ШЖК шегінен асып кетудің 53 жағдайы тіркелді. 

Азот диоксиді бойынша № 5 бекет (Тұран даңғылы 2/1), күкірттісутегі бойынша №8 бекет (Көктал ш/а), РМ2,5 бойынша №6 (Ақжол көшесі) мен № 7 (Түркістан көшесі) бекет аудандары неғұрлым көбірек ластанған. 

Айта кетсек, елордада атмосфералық ауаның жай-күйін бақылайтын 6 автоматты және 4 қолмен сынама алу бекеті бар. 

NASA-ның картасына сәйкес, 16-17 сәуірде Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында өрт ошақтары байқалған. Болжам бойынша өрт елордада байқалған түтінге әсер етуі мүмкін.