×
469.17
495.07
7.56
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
469.17
495.07
7.56

Алматыда 9 қабатты үйден өрт шықты

18.04.2022, 18:03
Видеодан кадр

Алматыда Алатау ауданы Ақкент шағынауданындағы 9 қабатты үйден өрт шыққан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желілерде көпқабатты үйдің жоғары жағын қара түтін басқан видео тарады.

“Жетінші қабаттағы пәтердің лоджиясы өртенген. Өрттің сегізінші немесе тоғызыншы қабаттарға өту қаупі болды. Өрт сөндірушілер жеті адамды құтқарып, 65 адамды, оның ішінде баласы бар әйелді эвакуациялады. Өрт сағат 15:02-де сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ”, – деді Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті.