×
425.02
450.1
7.17
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
425.02
450.1
7.17

Бауыржан Байбек Сауд Арабиясында жүр

19.04.2022, 09:02
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Бұрынғы Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары болған Бауыржан Байбек Сауд Арабиясында жүр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның анасымен бірге кіші қажалықта жүрген суреті әлеуметтік желіде жарияланды.

"Қасиетті Рамазан айында Бауыржан Байбек ағамыз анасымен Умра қажылығын жасады. Елімізге,жерімізге жасаған дұға тілектеріңіз қабыл болсын! Алла баршамызға ата-анамызбен қасиетті мекенге келуді, ата-анамыздың разылығын алуды нәсіп етсін", — деп жазды DOSTYK.TRAVEL компаниясы.

Бауыржан Байбек ақпан айының басында сол кездегі Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметінен өз еркімен кеткен болатын.