×
432.69
455.32
6.81
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
432.69
455.32
6.81

Қаңтар оқиғалары кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерге 8 млрд теңге берілді

19.04.2022, 09:26
Фото: Ашық дереккөзден

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықовтың айтуынша, Қаңтар оқиғалары кезінде шағын және орта бизнестің 1 630 субъектісі зардап шеккен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Бүгінгі күні қаңтар оқиғаларының салдарынан алдын ала деректер бойынша 1 630 ШОК субъектісі зардап шекті, оларға шамамен 38,6 млрд. теңге сомасына залал келтірілді. Бүгінгі күні 1 491 ШОК субъектісі жалпы сомасы 8,3 млрд. теңгеге төлем алды. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру проблемаларының бірі қолайсыз реттегіш жүйе және шектен тыс әкімшілік жүктеме болып отыр», - деді Тимур Жақсылықов.

Оның айтуынша, бизнеске арналған талаптарды қайта қарау бойынша жұмыс екі кезеңде жүргізіледі. 1-кезең – 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында сауда қызметі, көлік, ауыл шаруашылығы, қоғамдық тамақтандыру және тұру қызметтері салалары болып табылатын төрт басым салада реттеушілік талаптарды қайта қарауды қамтамасыз ету жоспарлануда Аталған салаларда ШОК субъектілерін қамту шамамен 60%-ды құрайды.

2-кезең – 2022 жылдың екінші жартыжылдығында және 2023 жылы денсаулық сақтау, құрылыс, өнеркәсіп және басқа да салалардағы бизнеске қойылатын талаптарды қайта қарау қамтамасыз етіледі.