Қаржы мониторингі агенттігі Ақтөбелік тұрғындарды алдаған GAP қаржы пирамидасын анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚР ҚК-нің 217-бабы 1-бөлігі “Қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
“Ұйымдастырушылар азаматтарға бастапқы жарнасы 10% болатын тұрғын үй немесе автокөлік сатып алуды ұсынған. Осылайша қаржы пирамидасына активтер тартылды”, – делінген Қаржы мониторингі агенттігі таратқан хабарламада.
Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін Қостанай мен Шымкентте GAP қаржы пирамидасы өкілдіктерінің қызметі тоқтатылған еді.