×
425.02
450.1
7.17
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
425.02
450.1
7.17

"Алматылық атқышты" өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады

19.04.2022, 11:51
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Алматыдағы Ақбұлақ ықшам ауданында бес адамды атып өлтірген Игорь Дужновтың жасаған қылмысына қатысты кезекті сот отырысы өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Прокурор Игорь Дужновқа ең ауыр жаза тағайындауды сұрады.

“Дужнов өз ісіне еш өкінбейтінін ескере отырып, оған ең жоғары жаза тағайындау қажет деп санаймын”, - деді мемлекеттік айыптаушы.

Сондай-ақ жәбірленуші тараптың туыстары да соттан Дужновты жазасын өтеу кезінде туыстарымен кездесуден айыруды сұрады.

Еске сала кетейік, 2021 жылдың 20 қыркүйегінде Дужнов отбасын үйден шығаруға келгендерге оқ жаудырған. Екі полицей, сот орындаушысы, үйдің жаңа қожайыны мен оның досы қаза тапты. Дужновқа бірден “Адам өлтіру” және “Билік өкіліне күш қолдану” баптары бойынша айып тағылды.

Бұған дейінгі сот отырысында айыпталушының бес адамның өмірін қиғанынан бөлек, Донбасстағы әскери қақтығысқа да қатысқаны белгілі болған еді.