×
432.69
455.32
6.81
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
432.69
455.32
6.81

Қаңтар қақтығысы кезінде бүлікке қатысқандарға 20-100 доллар төленді

19.04.2022, 12:25
Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысында тәртіпсіздіктерді қаржыландырған екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов Алматы облысындағы қаңтар айындағы оқиғалар кезінде бүлікке қатысушыларға қанша ақша төленгенін хабарлады.

"Алматы облысында тәртіпсіздіктерге қатысушыларды қаржыландырған, сондай-ақ азаматтардың мүлкіне зиян келтіруге және мемлекеттік объектілерді басып алуға ықпал еткен О. және Н.азаматтары анықталды. Бүлікке қатысқаны үшін бір адамға 20-дан 100 долларға дейін төленді", - деді Елдос Қилымжанов ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, бұл фактілер тергеу барысында анықталған және тәртіпсіздіктерге қатысы бар күдіктілерден жауап алу арқылы расталады.

Бүгінде тергеу органдарының өндірісінде бұлтартпау шараларын жеңілдету бойынша 4849 қылмыстық іс бар, соттың санкциясымен 627 күдікті адам қамауда отыр.