×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Лукашенко Зеленскийді айыптады

07.03.2023, 18:51
Фото: Ашық дереккөз

Беларусь президенті Украина көшбасшысы Владимир Зеленскийді айыптады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Лукашенконың пайымдауынша, Киев Мачулищи аэродромында ресейлік А-50 әскери ұшағын диверсиялау әрекетімен Минскке қарсы шықты. Сонымен бірге ол Киевтің бұл әрекеттерімен Минскіні соғыс қимылдарына тарта алмайтынын атап өтті.

Беларусь президенті операцияны ұйымдастырушы ретінде Украинаның қауіпсіздік қызметін айыптап, мұның президент Владимир Зеленскийдің нұсқауымен жүзеге асқанын жеткізді.

«Мен әлі де Украинаға бейбітшілік керек деп ойладым, Зеленский өз халқын қолдап жатыр деген ойда едім. Президент Зеленский - жай ғана түкке тұрғысыз адам. Түкке тұрғысыз! Мұндай операциялар ел басшысы мен бас қолбасшының келісімінсіз жүргізілмейді. Мен мұны сізге президент ретінде айтып отырмын», - деді ол.

25 ақпанда Ресей Беларусьті соғысқа тарту үшін арандатушылықтарды дайындап жатыр деген ақпарат тарады.

Серіктес жаңалықтары