Түркияның Кайсери қаласында 6 минутта қатарынан үш жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Алғашқы жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 14:47-де тіркелді. Оның ошағы Инджесу округінде болды.
Жер сілкінісінің магнитудасы 4,7, 4,4 және 4,3 бірлікті құрады.
Бір аймақта көшкін тіркелді.
Жақын провинцияларда да сезілген жер сілкіністері 12 шақырым тереңдікте орын алды.
Құрбандар мен қирандылар туралы ақпарат әлі түскен жоқ.
Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында 7,7 және 7,6 балдық жер сілкінісі болды. Жүздеген жер сілкінісімен жалғасқан зілзала елдің 10 провинциясы мен көршілес мемлекеттерде сезілді, оның ішінде Сирия ең көп зардап шеккен.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Түркияға көмектесу үшін 1 миллион доллар бөлуді тапсырды. Бұған дейін Қазақстаннан Түркияға қосымша гуманитарлық жүк тиелген ұшақ ұшқан болатын.
14 ақпанда Қазақстан шекарасына жақын жерде жер сілкінісі болды.