×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қызылорда тұрғыны 7 үйді тонап кеткен

30.09.2021, 00:57
Қызылорда тұрғыны 7 үйді тонап кеткен
ашық дереккөз

Қызылорда полицейлері облыс орталығының аумағында орналасқан жеті үйді тонаған 22 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

polisia.kz-нің мәліметінше, үй иелерінің жоқтығын пайдаланған ұрлықшы ақшаны, қымбат смартфондарды, велосипедтерді, тұрмыстық техниканы және алтын бұйымдарды ұрлап, кейін оларды ломбардқа өткізген. Жедел іс -шараларды жүргізу барысында Қызылорда қаласы Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол – 22 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.  

Күдіктінің айтуынша, ол пәтерлерді алдын ала бақылап, үй иелері бар-жоғын қарап жүрген. Ол әр үйге терезелерді сындыру, есікті ашу сияқты әртүрлі жолдармен кірген. Одан кейін ақша, зергерлік бұйымдар мен жеке мүліктерді ұрлаған.

Аталған факті бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 188-бабы, 3-бөлімі, 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.