×
425.02
450.1
7.17
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
425.02
450.1
7.17

«ӨКМ Операторы» басшылығы 180 млрд теңге жымқырмақ болған

19.04.2022, 14:28
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бас прокуратураның үйлестіруімен «ӨКМ Операторы» ЖШС-нің 180 млрд теңге көлемінде қаражат ұрлаудың алдын алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің лауазымды тұлғалары және «ӨКМ Операторы» ЖШС басшылығы электр энергиясын өндіретін 6 қоқыс жағатын зауыт салу үшін жеке ұйымды заңсыз қаржыландыру жолымен кәдеге жарату алымдары түрінде жиналған 180 млрд теңгені ұрлауға ниеттенген. Бұл ретте электр энергиясын мемлекет 15 жыл ішінде негізсіз жоғары тариф бойынша сатып алуға және жеке компанияға миллиардтаған пайда әкелуге кепілдік беруі керек болған”, – делінген Антикордың хабарламасында.

Уақтылы қабылданған шаралар нәтижесінде аталған заңсыз әрекеттер әшкереленіп, ақшалай қаражат тұтқындалды.

Экология вице-министрі мен «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы басшылары қамауда.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.