×
432.69
455.32
6.81
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
432.69
455.32
6.81

Ресей Украинадағы "арнайы операцияның" жаңа кезеңін жариялады

19.04.2022, 16:25
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Бұл туралы Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров India Today телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Бұл операция жалғасады, қазір арнайы операцияның жаңа кезеңі басталуда. Меніңше, бұл кезең оның маңызды бөлігі болады. Яғни, Донецк және Луганск халық республикаларын "толықтай босатуға" бағытталып отыр", – деді Лавров.

Сондай-ақ Ресей "операцияның" қазіргі кезеңінде тек қарапайым қаруды қолдануды қарастырып жатқанын айтты.

Еске сала кетсек, 24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин Донбаста "арнайы әскери операцияның" басталғанын жариялады.

21 ақпанда Ресей Донецк және Луганск халық республикаларының егемендігін мойындады. Ресми Мәскеу олардың басшыларымен достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарттарға қол қойды.

Путиннің бұл әрекетін БҰҰ-ға мүше елдердің түгелге жуығы айыптап отыр.