×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

АҚШ Сбербанктің Қазақстандағы бұрынғы еншілес ұйымын санкциядан босатты

09.03.2023, 08:04
Kapital.kz

АҚШ Қаржы министрлігі санкциялар тізімінен Қазақстандағы Сбербанктің бұрынғы төрт еншілес құрылымын алып тастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұрын "Тексакабанк" деп аталған банктің құрылымдары шектеулерден босатылды. 1993 жылы ұйым Қазақстан-Америка бірлескен банкі ретінде құрылды, алайда 2006 жылы оны Сбербанк сатып алды. Бір жылдан кейін "Тексакабанк" "Ресей Сбербанкі" Акционерлік қоғамының еншілес банкі" болып өзгертілді.

Естеріңізге сала кетейік, Сбербанк Ресей Украинаға басып кіргелі бері бірнеше елдің санкцияларына ұшырады. Ресейлік компанияға қарсы шектеулерді ЕО-ға мүше елдер, АҚШ және Ұлыбритания енгізді.

2022 жылдың қыркүйегінде Сбербанк Қазақстандағы еншілес құрылымын "Бәйтерек" Ұлттық холдингіне сатты. Содан кейін қаржы институты Bereke Bank болып өзгертілді. 6 наурыздан бастап Bereke Bank қосалқы банктердің "Мир" карталарынан қолма-қол ақша беруді тоқтатты. Сондай-ақ, Сбербанкке, оның еншілес ұйымдары мен филиалдарына төлемдер мен аударымдар үшін қолжетімділік шектелді.

14 шілдеде Eco Center Bank (Альфа-банктің бұрынғы Еншілес банкі) санкциялық тізімнен шығарылды, оны "ЦентрКредит" Банкі 2022 жылдың мамырында сатып алды.

Серіктес жаңалықтары