×
476.89
462.2
8.31
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.89
462.2
8.31

Көрінбей кеткен Елбасының бүгін музейде жүрген видеосы тарады

19.04.2022, 23:20

Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент музейінде ұйымдастырылған картиналар мен қолөнер көрмесін тамашалаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

Қаңтар оқиғаларынан бері көпшілікке көрінбей кеткен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылайша бүгін жұртты таңғалдырып жатыр. 1 минуттан сәл асатын видеодан Елбасының балалар арасында емін-еркін жас суретшілердің арасында жүргенін байқауға болады. Сөз арасында Елбасы жастарға ақыл айтып, қазір «білімдінің заманы екенін» айтып, балаларды оқу-білімге шақырады.

«Елбасы «Менің Қазақстаным – менің жерім» атты балалар шығармашылығы фестивалі аясында Тұңғыш Президент музейінде ұйымдастырылған картиналар мен қолөнер көрмесін тамашалады. Нұрсұлтан Назарбаев көрмеге қатысушы жас суретшілермен сөйлесіп, музейдің тақырыптық залдарындағы жаңа экспонаттармен танысты», - делінген роликтегі жазбада.

Назарбаевтың оралған осы видеосын қолданушылар пікір қалдырып, Елбасын мақтап жатыр.

«Жаным Нұреке, қолыңыздан алсам ғой шіркін. Көп жасаңыз», - дейді біреу.

«Нұр аға, сізді көргеніме өөөөөөөте қуаныштымыз. Нұр аға өміріңіз ұзақ деніңіз сау болсын. Отбасыңыз аман болсын. Аллам екі дүниенің бақытын нәсіп етсін. Аллам сізді қолдап қорғап жүрсін» дейді екіншісі.