×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Астанада цифрлық активтерді айырбастаумен заңсыз айналысқан үш адам ұсталды

09.03.2023, 09:36
Астанада цифрлық активтерді айырбастаумен заңсыз айналысқан үш адам ұсталды
фото: ашық дереккөзден

Қаржы мониторингі агенттігі Қазақстанның 3 азаматының «ABS Change» крипто айырбастау пункті арқылы цифрлық активтерді айырбастау саласындағы заңсыз кәсіпкерлік қызметін әшкереледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомство мәліметінше, аталған азаматтар заңсыз әрекеттерін АХҚО алаңынан тыс жерде іске асырған. Олар 2021-2023 жылдар аралығында Астана қаласының аумағында қылмыстық қызметін жүзеге асырған.

“Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде айырбастау пунктін ұйымдастырушыладың заттары, 342 000 АҚШ доллары және 7 млн теңгесі тәркіленді. "Binance" платформасында 2 крипто әмияннан 23 мыңға жуық АҚШ доллары сомасына криптоактивтер анықталып, оларға уақытша шектеу қойылды. Алдын ала есеп бойынша "Binance" платформасындағы крипто айырбастау пунктінің крипто әмияндарының жалпы айналымы шамамен 34 млн АҚШ долларын құрады”, – делінген хабарламада.

Тергеу жүргізіліп жатыр.