×
429.57
447.35
6.94
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
429.57
447.35
6.94

Қаржы пирамидасына қатысы бар вайнерлер қарауға алынды

20.04.2022, 09:34
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Алматыда «Mudarabah Capital» қаржы пирамидасының төрт ұйымдастырушысы қамауға алынды, деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 

«Қаржы пирамидасына қатысты іс бойынша тағы үш фигурант анықталды. Мәселе «MUDARABAN CAPITAL» серіктестігінің қатысушылары – бұған дейін «кепілмен босату» бұлтартпау шарасы таңдалған Ш. және Т.есімді азаматтар, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеу барысына «үйқамаққа» алынған М. және К.есімді азаматтар турасында болып отыр», - деді ведомстводан.

Еске салайық, аталған тұлғалар ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы 3-бөлігі бойынша Алматы қалалық Полиция департаменті Тергеу басқармасы тергеп жатқан қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде танылған еді.

«Алматы қалалық Полиция департаменті қылмыстық істі қаржы пирамидасын құру және ұйымдастыру фактісі бойынша «ASTEX.KZ» ЖШС және «ACD technology» ЖШС-лардың лауазымды тұлғаларының үстінен азаматтар тобы берген ұжымдық арыз негізінде тіркеген болатын», - деді қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов.

Анықталғандай, 2009 жылдың ақпаны мен 2021 жылдың қаңтары аралығында аталған ЖШС-лардың лауазымды тұлғалары мемлекеттік сатып алуларға қатысу желеуімен ақша қаражатын тарту үшін жеке және заңды тұлғалармен бірлескен қызмет туралы келісімшарттар жасасқан.

«Екіжақты құжатқа сәйкес фирмалар әрбір салымшыға ай сайын салынған суммадан 20 пайыз төлеп отыруы тиіс болған. 5 млрд теңге көлеміндегі ақша қаражаты «ASTEX.KZ» ЖШС-ға 162 салымшыдан өзге компания - «MUDARABAН CAPITAL» ЖШС-дан түсіп отырған», - деп нақтылады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Еске салайық, аталған іске қатысы бар деген күдікпен танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов күдікті ретінде ұсталған болатын.

Дәл осы «MUDARABAН CAPITAL» қаржы пирамидасынан 20 млн теңгесін қайтара алмаған әйел өзін-өзі ІІМ алдында өртеп жіберді. 

Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов "Mudarabah Capital" қаржы пирамидасын ұйымдастыру бойынша 14 күдікті адам тергеліп жатқанын және құрылтайшылардың біріне халықаралық іздеу жарияланғанын айтқан.