×
479.39
457.43
8.21
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
479.39
457.43
8.21

Алдағы күндері қар жауып, ауа температурасы төмендейді

20.04.2022, 12:24
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Болжамға сәйкес, 22 сәуірден бастап, елдің солтүстік жартысына суық солтүстік-батыс антициклоны келе бастайды. Ол өзімен бірге таза арктикалық ауаны ала келеді.

«Жаңбырдың соңы қарға айналып, түнде ауа температурасы  3-8 градус аязға дейін төмендейді. Елдің батысы мен шығысында қатты жаңбыр, шығыста жауын қарға айналады. Бірақ оңтүстік өңірлерде қалыпты ауа райы сақталады. Бұның себебі - оңтүстік ауа массалары. Бұл аймақтарда найзағай болып, қысқа мерзімге жаңбыр жауса да, жоғары температура фоны сақталады», делінген хабарламада.