Белгілі қазақстандық режиссер Дәрежан Өмірбаевтың «Ақын» фильмінің әлемдік премьерасы 34-ші Токио халықаралық кинофестивалі аясында өтеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Көркем кинотуынды танылмаған қазақ ақынының тарихын баяндайды. Сценарий жазушы Герман Гессенің «авторлық кеш» әңгімесінің негізінде жазылған. Таспа ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген.
Фильмнің сюжеті ақынның әрқилы, бірақ әрқашан қызықты тағдыры туралы баяндайды. Фильмде басты рөлді «Жігіттер» тобының солисі Ердос Қанаев сомдайды.
««Ақын» фильмі ең алдымен қазақстандық көрерменге арналған. Менің басқа суреттеріммен салыстырғанда бұл мазмұны мен проблемалары бойынша ұлттық сипатта болып шықты. Фильмде қазақ тілі мен әдебиеті мәселесі көрсетілген. Алайда бұл ортақ мәселе, өйткені бүгінде көптеген тілдер жойылып жатыр, тіпті ақындар ешкімге керек емес», - деп атап өтті Дәрежан Өмірбаев.
Tokyo International Film Festival – халықаралық кинопродюсерлер қауымдастығы Федерациясы (FIAPF) мақұлдаған әлемдегі ең үздік 15 кинофестивальдің қатарына кіретін А класындағы фестиваль. Ол 1980 жылдардан бері өткізіліп келіп, әлемдегі ең маңызды кинофестивальдердің бірі саналады.