×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Қаңтар оқиғасы: Бұрынғы қорғаныс министрі Бектанов 12 жылға сотталды

09.03.2023, 12:18
Фото: Ашық дереккөзден

24 ақпанда Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мұрат Бектанов «жауынгерлік жағдайда қызмет бабын асыра пайдаланды» (Қылмыстық кодекстің 451-бабының 3-бөлігі) үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол жазасын Қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейтін болады.

Еске салайық, Бектанов 2022 жылдың 19 ақпанында ұсталған болатын. Әуелі әрекетсіздік, кейін қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылып, қарашада іс сотқа жіберілген еді.

Серіктес жаңалықтары