×
479.39
457.43
8.21
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
479.39
457.43
8.21

Шығын шығады – Жақсылықов биыл 9 мамырда парад неге өтпейтінін айтты

20.04.2022, 13:31
Фото: Ulysmedia.kz

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов биыл 9 мамырда Жеңіс күніне орай шеру неге өткізілмейтінін түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

«Бүгінгі таңда Қарулы күштердің алдында өте өзекті міндеттер тұр. Жоғарғы бас қолбасшы оның бәрін бізге бекітіп берді. Олардың бәрін іске асыру үшін біршама қаражат керек. Ал енді бюджеттен шеру өткізу үшін қаражат сұрасақ қалай болады? Бұған шығын шығады. Жанар-жағармайға, әскерилердің іссапарына, тамағына қаншама қаражат кетеді. Сол себепті мұндай жағдайда... Не маңызды? Айтыңыздаршы, әскери оқу-жаттығуын өткізген маңызды ма, әлде шеру өткізген бе?» - деп тілшілердің өзіне қайтара сұрақ қойды министр.

Оның айтуынша, қазіргі жағдайда Қарулы күштердің даярлығына баса мән беру керек. Журналистердің осыдан кейін төпелеген сұрағына министр былай деді.

«Сіздер шатастырып тұрсыздар. 7 мамыр бар да, 9 мамыр бар. Шеру бұған дейін естеріңізде болса Қарулы күштердің 30 жылдығына арналған еді. Жеңіс күніне емес! Осыны салыстыру керек. Жеңіс күні жоспарланған іс-шаралардың бәрі, ардагерлерді ардақтау шарасы жоспарымен болады. Әр әскери бөлім ардагерлерді құттықтауға міндеттелген бізде. Оларды құттықтаймыз», - деді ол.

Министрдің айтуына қарағанда, бір парадты өткізуге 4 млрд теңге кетеді.