×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

«Үш қоңыр» және «Весновка» құрылысына қатысты іс: қанша адам ұсталғаны айтылды

09.03.2023, 14:36
фото: ашық дереккөзден

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың халықпен кездесуі барысында "Үш қоңыр" және "Весновка" тұрғын үй кешендерін салу туралы іс бойынша алты адам ұсталғаны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Кездесу барысында үлескерлердің бірі әкімнен ақшаның қайтарылатынына кім кепіл бола алатынын сұрады. Сұраққа Алматы ПД басшысы Арыстанғани Заппаров жауап берді.

"Осы қылмыстық іс бойынша алты адам қамауға алынды, прокуратура қолдады. Қылмыстық істі тергеу барысы ішкі істер министрінің бақылауында", - деді Алматы ПД басшысы.

Сондай-ақ, қазір тағы бір күдіктіні экстрадициялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Тұрғын үйдің негізгі сатушысы болып табылатын "Lider " компаниясының басшысы Қалиева ұсталды. Тергеу әрекеттері қазір жеделдетіледі деп үміттенемін. Бірақ қала әкімдігі қаражатты қайтаруға кепілдік бермейді", - деді Досаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда«Lider Group Consalt» ЖШС директоры мен лауазымды тұлғалары қамауға алынған болатын.

Серіктес жаңалықтары