×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Гүлмира Сатыбалды үйқамаққа ауыстырыла ма – сот шешімі белгілі болды

09.03.2023, 16:16
видеодан кадр

Астанадағы Байқоңыр ауданының №2 cотының судьясы Кемеңгер Имашев Гүлмира Сатыбалдыны үйқамаққа ауыстыру туралы өтінішті қанағаттандырған жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша алдын ала тыңдауда қорғаушы тарап бұлтартпау шарасын үй қамағына немесе кепілге өзгерту туралы өтініш білдірген болатын. Судья Имашев өтінішті қанағаттандырудан бас тартып, бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырды.

"Іс бойынша негізгі сот талқылауы 14 наурыз күні сағат 10:00-ге белгіленді",  –  деді судья.

Бұған дейін прокурор Әлмира Қожахметова соттан адвокаттың өтінішін қанағаттандырмауды сұрады, өйткені Гүлмира Сатыбалды тергеу барысында елден кетіп қалуға тырысқан.

"Сотқа дейінгі іс жүргізу барысында сотталушы Гүлмира Сатыбалды шекарадан өтуге тырысқаны туралы фактілер болды", - деді прокурор.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет деректері бойынша Гүлмира Сатыбалды кәсіпорындардың қатысу үлестерін заңсыз иемдену, соның ішінде адам ұрлаумен ұштасқан фактілер бойынша күдікке ілінген. Жәбірленуші тарапқа келтірілген залал сомасы 6,6 млрд теңгеден асады.

Айта кетсек, Гүлмира Сатыбалды – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі.

Өткен жылы сот үкімімен Қайрат Сатыбалды 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары