×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Қостанайда спорт мектебінің жаттықтырушылары жарыстарға бөлінген ақшаны жымқырған

09.03.2023, 15:49
Қостанайда спорт мектебінің жаттықтырушылары жарыстарға бөлінген ақшаны жымқырған
фото: ашық дереккөзден

Қостанай облысының Лисаков қаласындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде балалардың жиындары мен жарыстарына бөлінген ақша жымқырылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыстық прокуратура мәліметінше, мектеп жаттықтырушылары балалардың жарыстарға және оқу-жаттығу жиындарына сапарлары туралы қаржылық есептерді жалған рәсімдеп, осы мақсаттарға бөлінген ақшаны қалтаға басқан. Жымқырылған қаржының жалпы сомасы – 6 млн теңге.

Үш жаттықтырушы өз кінәларын мойындап,келтірілген залалды толығымен өтеді. Олардың екеуіне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.

"Үшіншісі шартты түрде 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, өйткені ұрлық көлемі бойынша оның әрекеті ауыр қылмыс ретінде саналады", - деп мәлімдеді сот.

Үкім заңды күшіне енді.