×
476.89
462.2
8.31
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
476.89
462.2
8.31

Атырау мұнай өңдеу зауытына қатысты қылмыстық іс қозғалды

20.04.2022, 17:45
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі прокуратураның жетекшілігімен «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің үстем жағдайын теріс пайдалану фактілерін анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті Атырау облысы бойынша прокуратурасының басшылығымен «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС қызметін тексеру шеңберінде 2020-2021 жылдары шикі мұнайды қайта өңдеу бойынша жұмыстарды орындауға монополиялық жоғары баға белгілеу түрінде АМӨЗ үстем жағдайын теріс пайдалану фактілерін анықтады”, – делінген хабарламада.

Монополияға қарсы департаменттің қорытындысы Іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Атырау облысы бойынша прокуратурасына жіберілді.

Өңірлік прокуратурамен ҚР Қылмыстық Кодексінің 221-бабы “Монополистік қызмет” бойынша “АМӨЗ” ЖШС қатысты сотқа дейінгі тергеу басталып, 2020-2021 жылдары шикі мұнайды қайта өңдеу бойынша қызметтерге монополиялық жоғары бағаны белгілеу фактісі бойынша Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолданды.