×
425.02
450.1
7.17
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
425.02
450.1
7.17

Генерал-майор Қайдар Қарақұлов Жамбылдағы жарылысқа күдікті ретінде ұсталды

20.04.2022, 20:28
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Таразда «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің бұрынғы қолбасшысы, генерал-майор Қайдар Қарақұлов ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“19 сәуірде Жамбыл облысы Байзақ ауданы Саракемір кентіндегі өрт пен жарылыс фактісі бойынша қылмыстық іс шеңберінде ҚР Қылмыстық кодексінің 453-бабы “Немқұрайлылық” бойынша күдікті деп танылып, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің бұрынғы қолбасшысы УҰИ-ға қамауға алынды”, – делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

15 наурызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қайдар Қарақұловты қызметінен босатқаны белгілі болды.

Еске сала кетсек, 2021 жылғы 26 тамызда Тараз маңындағы оқ-дәрі қоймасында жарылыс болды. Оқиға салдарынан 17 адам қаза тапқан болатын.