×
472.14
498.39
7.65
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
472.14
498.39
7.65

Украинада босқындар саны 5 миллионнан асты

21.04.2022, 09:54
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Украинада қақтығыс басталғалы елден кеткендер саны 5 миллионнан асты деп хабарлайды Ulysmedia.kz Euronews-ке сілтеме жасап.

Мұндай мәліметтерді БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасы келтірді.

Украина азаматтары бассауғалаған елдер арасында бірінші орында Польша тұр. Қазірдің өзінде бұл елге 2,8 миллионнан астам адам келген.

“Шекараны кесіп өтіп жатқан босқындар саны күн сайын артып келеді. Польшада босқындарды қабылдаудың арнайы орталықтары бар, олардың көпшілігі әйелдер мен балалар”, - деді БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссарының баспасөз хатшысы Шабиа Манту.