Білім және ғылым министрлігі 9 мамырда театрландырылған көріністерді қоюдың қажеті жоқтығын жария етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Мектептерде 7 және 9 мамырда атап өтілетін мерекелер қарсаңында патриоттық тәрбие беру, соғыс ардагерлерінің жеңіске қосқан үлесі, Отанға деген сүйіспеншілік, ізгілік, бейбітшілік пен келісімнің маңыздылығы тақырыптарында сынып сағаттары өткізіледі. 9 мамырға арналған мектеп линейкалары жоспарланып отырған жоқ», - деп хабарлады министрліктен.
Сонымен қатар министрлік «әскери киім мен керек-жарақтарды қолданудың, театрландырылған көріністерді қоюдың қажеті жоқтынын» хабарлады. Білім беру ұйымдарына осы мәселе бойынша ұсыныстар жіберілді.