×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

9 млн теңге пара алған «Астана-Зеленстрой» басшысына үкім шықты

10.03.2023, 09:36
9 млн теңге пара алған «Астана-Зеленстрой» басшысына үкім шықты
фото: ашық дереккөзден

Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 сотында «Астана-Зеленстрой» ЖШС Бас директоры А.Наурызәліге үкім шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Антикор мәліметінше, «Астана-Зеленстрой» ЖШС Бас директоры А.Наурызәлі «Табиғат-Сервис НС» ЖШС директорының орынбасары С.Карловадан жасыл екпелерді күтіп ұстау бойынша артықшылық бергені және орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 9 миллион теңге пара алған.

“Сот үкімімен Наурызәлі пара алғаны үшін кінәлі деп танылды және оған мемлекеттік мекемелерде қызмет атқару құқығынан айыра отырып, параның жиырма еселенген сомасы – 185 миллион теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды”, – делінген хабарламада.

Карловаға сот параның он бес еселенген сомасы – 135 миллион теңге көлемінде айыппұл салды.