×
425.02
450.1
7.17
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
425.02
450.1
7.17

Жамбыл облысында алып нәресте дүниеге келді

21.04.2022, 11:30
Жамбыл облысы ДСБ

Тараздағы перзентханада салмағы 5 келі, бойы 62 сантиметр қыз бала дүниеге келді. Бұл туралы Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тағы да оқыңыздар

19 сәуір сағат 09:45-те Жамбыл облыстық көпбейінді ауруханасының перинаталдық орталығының қабылдау бөліміне 29 жасар қала тұрғыны түскен.

Мамандардың айтуынша, шарана басымен емес, жамбас тұсымен келген. Оның үстіне салмағы әдеттегіден үлкен болып көрінген.

"Ана мен бала амандығын қамтамасыз ету үшін дәрігерлер шұғыл түрде кесар тілігі арқылы босандыру туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде сағат 10:46-да салмағы 5000 грамм және бойы 62 сантиметр болатын қыз бала дүниеге келді. Мұндай нәрестелер "алып" деп аталады", - дейді дәрігерлер.

Дәрігерлер үлкен салмақты нәрестенің туылуы қалыпты жағдай екенін айтып отыр. Алайда мұндай кезде, көбіне, салмақ анаға түседі. Бұл жолы сәби оңай туылған.

Жыл басынан бері перинаталдық орталықта 2135 бала дүниеге келсе, оның ішінде 5000 граммнан жоғары салмақпен 13 бала туылған.