×
429.57
447.35
6.94
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
429.57
447.35
6.94

Жаңаөзенде мұнайшылар тағы да митингке шықты

21.04.2022, 12:44
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

"Кезби" ЖШС жұмысшылары басшылық уәде еткен жалақы мәселесінің шешілмеуіне байланысты бейбіт митинг өткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жергілікті "Лада" басылымының мәліметінше, жұмысшылар жұмыс уақытын есептеу табелінде 11 сағат көрсетілгенін, ал іс жүзінде 12 сағат жұмыс істейтіндеріне де шағымдануда.

Мұнайшылардың айтуынша, компания олармен ұжымдық келісімшарт та жасасапаған.

"Басшылық берген уәдесін орындамады. Күтуімізді, шыдай тұруымызды сұрайды. Барлық қиын жұмысты біз істеп жатырмыз. Алайда жалақымыз "Өзенмұнайгаз" АҚ қызмектерлерінен төмен. Соған қарамастан біз сол көлемдегі жұмысты атқарамыз. Сондықтан жалақымызға 30 процент қосылуын талап етеміз", - дейді митингке қатысушылар.