×
472.14
498.39
7.65
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
472.14
498.39
7.65

Түркі академиясын қаржыландыруға 1 млн доллар бөлінді

21.04.2022, 16:50
Inform.kz

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Нұр-Сұлтандағы Түркі академиясына бюджеттен бір миллион доллардан астам қаржы жұмсайтынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Білім министрінің айтуынша, академияның қызметін оның құрамына кіретін барлық ел қаржыландырады. Түркі академиясы Қазақстан аумағында болғандықтан, қалыптасқан дәстүр мен практика бойынша біздің жарнамыз шамамен 46 пайызды құрайды.

Еске салайық, Халықаралық Түркі академиясының ғимараты елордада өткен жылдың қазан айында ашылған болатын.

Академия Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылып, 2010 жылдың 25 мамырда тарихи Нахчыван келісімі негізінде өз жұмысын бастады.

Түркі академиясының негізін қалаушылар Әзірбайжан, Қырғызстан, Қазақстан және Түркия болды. Академияның мақсаты – түркі халықтарының тілі, әдебиеті, мәдениеті, тарихы бойынша ғылыми зерттеулерді үйлестіру, сондай-ақ түркі әлемінде ынтымақтастық орнату.

Түркі академиясының мақсаты:

  • түркі тілдерін, әдебиеті мен мәдениетін сақтауға, дамытуға және танымал етуге бағытталған түркітану саласындағы зерттеулерді үйлестіру және ілгерілету;
  • түркітанудың дамуына және түркітану мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу;
  • жалпы түркі тарихы мен этнографиясын жан-жақты оқытуды жүзеге асыру;
  • түркі халықтарының мәдени-рухани мұрасы, әлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесі туралы зерттеулер жүргізу, сондай-ақ олардың жетістіктері туралы дүниежүзілік қоғамдастықты хабардар ету;
  • ортақ әдеби тіл, сондай-ақ барлық түркі халықтарына қолданылатын біріктірілген әліпби жасауға ұмтылу;
  • жалпы оқулықтар дайындау мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу,
  • Түркі академиясына жұмысқа тартылған ғылыми қызметкерлер үшін PhD докторантура бағдарламасы бойынша түркітанушы мамандарды даярлау.