×
425.02
450.1
7.17
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
425.02
450.1
7.17

Мәулен Әшімбаев 10 сотық жер беруде қандай кедергілер барын айтты

21.04.2022, 17:15
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, жер телімдерін беруде коммуникацияларды тарту мәселесі бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер палата төрағасынан қазақстандықтар 10 сотық жерді алуға белсенді түрде құжат тапсыруына қатысты сұрақ қойды.

«Жеке өз басым жер теліміне өтінім берген жоқпын. Атап айтқанда, жер учаскесіне өтінім беруге әр азамат құқылы. Негізі, елімізде жер баршылық, бұл тұрғыда адамдарға дұрыс түсіндіру керек. Қазақстан аумағы ауқымды, территория жеткілікті, 10 сотық телімнен Қазақстан азаматтарына таратуға болады. Менің ойымша, біз осыған біртіндеп келеміз. Дегенмен бұл жер телімдеріне коммуникацияларды тарту мәселесі бар. Ол жерлерде жолдар, электр жарығы, су, кәріз жүйесі болғаны жөн», деді М. Әшімбаев.

Осы орайда ол инженерлік желілерге қатысты мәселе бар екенін, бұл бағыттағы тақырыптарды депутаттар көтеріп жүргенін айтты.

«Жыл сайын коммуникацияны тартуға тиісті қаражат бөлініп жатыр, бұл жұмыстар жалғаса береді. Сондықтан кезең-кезеңмен әкімдіктер, Үкімет аталған мәселелерді шешіп, біздің азаматтар қажетті жер телімдерін жеке тұрғын үй құрылысына алады деп санаймын», деді Сенат төрағасы.

Еске сала кетейік, қазақстандықтар енді жеке тұрғын үй құрылысына жер алу үшін eGov.kz порталы арқылы кезекке тұра алады.