×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Наразылықтар нәтижесі: Грузияда "шетел агенттері" туралы заң жобасын қарау тоқтатылды

10.03.2023, 15:26
Paper Kartuli

Грузия парламенті "шетелдік агенттер" туралы заң жобасын қарауды тоқтатты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Заң жобасына қарсы 35 депутат дауыс беріп, бір адам қолдады. Дауыс беруге қатысқан 112 депутаттың көпшілігі қалыс қалды.

Еске салайық, Грузияда «шетел агенттері» туралы заңның қабылдануына қарсы жаппай наразылықтар бірнеше күн бойы өтті. Заң жобасы ел парламентіне екі нұсқада ұсынылды. 7 наурызда Грузия депутаттары «Шетелдік ықпалдың ашықтығы туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қабылдаған. Ол Грузияда «шетелдік агенттердің» тізілімі пайда болуын қарастырған: ол тізімге барлық коммерциялық емес заңды тұлғалар мен шетелден 20%-дан астам қаржыландырылатын БАҚ тіркеледі.

Бұдан бұрын Грузия парламентінің көпшілігін құрайтын «Грузин арманы» партиясы мен өзге де партиялар қоғамда жаппай наразылық тудырған «Шетелдік ықпалдың ашықтығы туралы» заң жобасын кері қайтарып алу туралы шешім қабылдаған.

 

Серіктес жаңалықтары