22 сәуірде еліміздің бірнеше өңірінде найзағай ойнап, көктайғақ болады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оның екпіні 15-20 м/с жетеді.
Атырау, Ақтөбе және Қызылорда облыстарында найзағай күтіледі.
Ақмола облысында көктайғақ, солтүстік-батыстан екпіні 15 м/с жел соғады.
Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, қатты жел соғады.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын, күндіз қатты жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан облыстың оңтүстігі мен шығысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Павлодар облысында жаңбыр, қар жауады. Жел солтүстік-батыстан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.