×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

«Азаматтарға арналған үкімет» басшылығы сыбайлас жемқорлық және қаржы жымқырды деп айыпталған

11.03.2023, 11:27
Ашық дереккөз

Қаржы мониторингі агенттігі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 2-бөлігі «Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемденіп алу немесе қызмет бабын пайдалана отырып жымқыру» бойынша қылмыстық іс қозғады.

Наурыздың 10-ы күні ҚМА қызметкерлері «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-тың басшысы Сүйеніш Әбділдиннің, оның орынбасарлары мен аппарат жетекшісінің кабинеттерін тінтіді. Олардың компьютерлері тәркіленді.

Әзірге қамауға алынғандар жоқ. Іс бойынша соңғы шешім жақын күндері шығады деп күтілуде.

Серіктес жаңалықтары