×
487.24
529.34
5.02
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.24
529.34
5.02

Ресейден келген оралманмын – қазақша сөйлей алмаған шенеунік Мәжілісте ақталуға тырысты

30.09.2021, 10:37
Ресейден келген оралманмын – қазақша сөйлей алмаған шенеунік Мәжілісте ақталуға тырысты
Фото: Ашық дереккөзден

Шенеуніктің бұл әрекетін Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин әуелі күлкі қылғанымен, кейін мемлекеттік тілді меңгеруге деген құлшынысына қолдау білдірді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Мәжілісте «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралған болатын. Заң жобасын талқылау барысында депутаттардың бірі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өкілдеріне сұрақ қойды.

«Цифрлық активтерді шығаруды, олардың сауда-саттығын ұйымдастыруды жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізілімін жүргізесіздер ме? Бүгінгі сіздің ведомствоңыз цифрлық активтер саласындағы қызметті жүзеге асыратын осындай адамдардың тізілімін жүргізу тәртібін пысықтады ма?» - деп сұрады депутаттар.

Бұл сұраққа «өз білген» қазақшасымен жауап берген Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек қағазға қарап, едәуір шатасты.

«Қазіргі уақытта цифрлық активтерге жауапты адамдардың жосықсыздығына шаралар қабылдау үшін жеткілікті өкілеттіктер жоқ. Сондықтан жосықсыз тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартылатын тетіктер керек», - деген Асхат Оразбек екінші сұраққа жауап бере алмады.

Осыған келген Нұрлан Нығматулин вице-министрге «екінші сұрақты бойынша қолдағы қағаз жоқ, солай ма?» деп сұрады.

«Иә, солай болды. Қазір қазақша сөйлеп кеттім. Қазір қазақша білем. Ресейден оралман болғандықтан қиындау», - деп қипақтады вице-министр.

Нұрлан Нығматулин Асхат Оразбекке «бастысы, сөйлеуге ұялмауың керектігін» түсіндірді.